БАҚ бәсекесі: медиа оқырманға бармаса, оқырман медиаға келмейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жаңа алтын отыз жылдық басталды": Тоқаев Си Цзиньпинге ризашылығын білдірді

"Жаңа алтын отыз жылдық басталды": Тоқаев Си Цзиньпинге ризашылығын білдірді
Ақорда. Суретте: Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесті. Жиында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі деңгейі мен болашағы талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу «дөңгелек үстел» форматында өткен. Президент қытайлық бизнес өкілдеріне алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты әрі ұзақмерзімді ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілген.

"Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Біз Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа "алтын отыз жылдығына" бірге қадам бастық. Елдеріміздің ықпалдастығы мүлде жаңа сапалық деңгейге шықты деп айтуға болады. Халықтарымыздың арасында өзара сенім, шынайы достық және болашаққа деген ортақ ұстаным бар. Орайлы сәтті пайдалана отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін қадірлі досым, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға зор алғыс айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер