БАҚ бәсекесі: медиа оқырманға бармаса, оқырман медиаға келмейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ерке Есмахан алты ай бойы құпия ұстаған жаңалығын жария етті

Ерке Есмахан алты ай бойы құпия ұстаған жаңалығын жария етті
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында көптен бері үнсіз дайындалып жүрген маңызды жұмысының аяқталғанын хабарлап, оқырмандарын қызықтырып қойды. Өнер иесі жарты жыл бойы бұл жобаны ешкімге айтпай, құпия сақтағанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, ауқымды еңбектің нәтижесі жуырда көпшілікке ұсынылады. Алайда оның нақты қандай жоба екені әзірге құпия күйінде қалып отыр.

«Алты айға созылған үлкен еңбектің нәтижесі жарыққа шығатын күн де жақындады. Осы уақыт бойы бұл жұмыс туралы ешкімге айтпай, білдірмей, сездірмей еңбек еттім. Жұмыс аяқталған күнді естелікте сақтау үшін екі кішкентай ұлдарыммен бірге суретке түстім. Бұл – менің өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Көңілімде қуанышпен қатар сәл қобалжу да бар», – деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары әншінің жазбасынан кейін оның жаңа ән, альбом, клип немесе өзге де шығармашылық жобаны меңзеп отырғанын болжауда. Көпшілік өнер иесін құттықтап, жаңа туындысының сәтті шығуына тілектестік білдіріп жатыр.

Дегенмен Ерке Есмахан әзірге жобаның мазмұны мен жарыққа шығатын нақты уақытын жариялаған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.