Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысындағы «Семей орманы» аумағында тұтанған өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа өңірге шұғыл баруды тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Үкімет басшысы министрлерге өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіруді, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді жүктеді.
16 шілде сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, өртті ауыздықтауға 400-ден астам адам мен 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар өрт ошағына әуеден 100 тоннадан астам су төгілген.
Үкіметтің мәліметінше, өңірдегі жедел штабтың жұмысы Премьер-министр Олжас Бектеновтің жеке бақылауында.