Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ризамын, аман болыңыздар": Димаш Құдайбергеннің анасы Шығыс жұртына ризашылық білдірді

"Ризамын, аман болыңыздар": Димаш Құдайбергеннің анасы Шығыс жұртына ризашылық білдірді
фото: ашық дереккөз

Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева Алтай өңірінде өткен “Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі” фестивалінен алған әсерін бөлісті. Ол Катонқарағай төрінде өткен ауқымды шараның ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, ұлының өнерін ыстық ықыласпен қабылдаған шығысқазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Светлана Айтбаеваның айтуынша, түркі әлемінің тұтастығын танытқан мұндай деңгейдегі фестиваль ерекше әсер қалдырған. Ол табиғаты көркем Катонқарағайдың төрінде өткен шараның Астана мен Алматыда да кездесе бермейтін айрықша атмосферасы болғанын атап өтті.

“Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі” фестиваліне келіп, Димаштың концертін көріп, халықтың даладай дархан пейіліне риза болып елімізге қайтып барамыз. Түркі әлемінің тұтастығын әйгілеген мұндай деңгейдегі фестиваль, мойындау керек, Астана мен Алматыда жоқ. Табиғаты кіршіксіз Катонқарағайдың төрінде өтіп жатыр”, – деп жазды ол.

Оның сөзінше, фестивальде түркі әлемінің өнерпаздары өнер көрсетіп, Шығыс аспанын ән мен күйге бөледі. 50 мыңнан астам көрермен жиналған кеште өнерлі жастарға ерекше қолдау көрсетілген.

Светлана Айтбаева Димаштың да сахнаға ерекше шабытпен шыққанын жеткізді. Ол әншінің орындауын тік тұрып тыңдап, қошемет көрсеткен көрерменге шын жүректен ризашылығын білдірді.

“Осындай әсерлі сәтте Димаштың да ел алдына шығып, ерекше әсерленіп, шабыттана шырқаған әндерін тік тұрып тыңдаған ағайынға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Аман болыңыздар!” – деді Света Айтбаева.

Сондай-ақ ол Катонқарағайдың табиғаты, жайлы ауа райы мен фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы естен кетпестей әсер қалдырғанын айтты. 

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің анасы жастардың бөлек тұруына көзқарасын білдіргені хабарланған еді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.