Гүлзира Айдарбекова денсаулығына байланысты тағы бір ота жасататынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына қатысты жаңалығымен бөлісіп, жақын уақытта тағы бір хирургиялық отаға дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Оның сөзінше, бұған дейін Қырғызстанда өтіндегі тасты алдырған. Алайда кейінгі медициналық тексеру барысында дәрігерлер өт қабының өз қызметін толық атқармай тұрғанын анықтаған.
«Қырғызстанға барып, тасын алдырғаныма қуанып жүргенмін. Бірақ дәрігерлер өттің мүлде жұмыс істемейтінін айтты. Сондықтан Қазақстанда өт қабын толық алып тастаған дұрыс екен. Енді қайтадан ота жасауға тура келеді», – деп жазды продюсер.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова соңғы уақытта денсаулығына байланысты ем қабылдап жүргенін әлеуметтік желіде жиі бөлісіп келеді.