Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қоғамға пайдалы бір әрекетін көрдіңіздер ме?”: Мейірман Шекеев Тамара Асардың кандидаттығына байланысты пікір білдірді

“Қоғамға пайдалы бір әрекетін көрдіңіздер ме?”: Мейірман Шекеев Тамара Асардың кандидаттығына байланысты пікір білдірді
Коллаж: ult.kz

Заңгер Мейірман Шекеев әншілердің заң шығару қызметіне келуіне қатысты пікір білдіріп, Құрылтай депутаттығына өнер адамдарының ұсынылуына күмәнмен қарайтынын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Ол бұл пікірін Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелген әнші Тамара Асарға қатысты білдірді. Заңгердің айтуынша, заң шығару ісімен ең алдымен осы саланың кәсіби мамандары айналысуы қажет.

«Осы уақытқа дейін Тамара Асардың қоғамға пайдалы бір әрекетін көрдіңіздер ме? Қаншама резонансты істер болып жатқан кезде, қаншама еліміздің басына қиын жағдай түскен кезде Тамара Асардың үн қатқанын естіңіздер ме?» – деді ол.

Мейірман Шекеевтің пікірінше, бұған дейін қоғамдық мәселелерде белсенділік танытпаған адамдардың ертең Құрылтай құрамында халық мүддесін батыл қорғайтынына сену қиын.

«Халықтың адамы болу үшін оның болмысы сондай болуы керек деп санаймын. Мен Тамара Асарға да, басқа да қарсы емеспін. Бірақ "шымшық сойса да, қасапшы сойсын" демекші, әрқайсымыз өз орнымызды білсек екен деймін», – деді заңгер.

Сондай-ақ ол заңдарды кәсіби заңгерлер әзірлеуі керек деген ойын жеткізіп, бұл мәселеде мамандықтың маңызын атап өтті.

«Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әншінің жазған заңымен заңгер болып жүргім келмейді. Біз ертең заңгерлер сахнаға шығып, өлең айтсақ, бізге сын айтар ма еді? Әрине, айтады», – деп түйіндеді Мейірман Шекеев.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.