БАҚ бәсекесі: медиа оқырманға бармаса, оқырман медиаға келмейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Менің абыройымды төкпексің бе?”: Әзілкеш атақты әнші Мейрамбек Беспаевтың тағы бір құпиясын ашты

“Менің абыройымды төкпексің бе?”: Әзілкеш атақты әнші Мейрамбек Беспаевтың тағы бір құпиясын ашты
Фото: ашық дереккөз

Танымал әзілкеш, КВН ойыншысы Қанат Тасыған әнші Мейрамбек Беспаев туралы көпшілік біле бермейтін қырын айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекті сұхбаттарының бірінде ол Мейрамбек Беспаевтың жеке өміріне қатысты мәселелерде өте сақ адам екенін жеткізді.

Қанат Тасығанның айтуынша, әнші қонақта немесе түрлі отырыстарда өзінің рұқсатынсыз видеоға түсірілуіне қарсы болады.

«Мейрамбек ағамыз өте сақ адам. Ол кісіні көп жерге қонаққа шақырады. Бір адам телефон шығарып қалса, отырысты тоқтатып: "Әкел, не түсіріп отырсың?" деп телефонын алып қояды. Кейін оны дастархан иесіне беріп: "Қандай адамдарды жинағансың? Менің абыройымды төгу үшін шақырдың ба?" деп айтып жатады. Ол кісі бәрін байқап отырады. Биыл түрлі видеолар тарап кеткен жағдайлар көп болды ғой», – деді әзілкеш.

Қанат Тасығанның сөзінше, мұндай сақтық әншінің жеке өмірі мен беделін қорғауға деген ұстанымынан туындайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.