ка

Қазақстан банктері қаңтарда 228,4 миллиард теңге таза пайда тапты

20.02.2025 17:08
0
1
Қазақстанның банктері 2025 жылдың қаңтарында 228,4 миллиард теңгеден астам таза пайда тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ Ұлттық банктің 2025 жылғы 1 ақпандағы мәліметіне сәйкес, банктердің салық салуға дейінгі пайдасы 269 миллиард теңгеден асты. Банктердің жалпы табысы 7,2 триллион теңге болды. Оның 6,5 триллионы — сыйақыларды есептемегендегі табыс, ал 707 миллиарды — сыйақылардан түскен кіріс. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер бойынша жиынтық есептеке сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпандағы сектор активтері 60,6 триллион теңге болған. Қазір Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде салық реформасы банк жүйесіне айтарлықтай әсер етпеуі керек деген пікір белсенді түрде талқылануда, өйткені бұл халыққа кері әсер етуі мүмкін.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий