Атырау облысында жоғалған бауырлардың мәйіті табылды: күдікті – Сұлтан Сарсемалиев
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қан құсады. 15 адам белгісіз аурудан көз жұмды

Қан құсады. 15 адам белгісіз аурудан көз жұмды

Танзанияда 15 адам белгісіз аурудан өлді.

Африканың оңтүстігінде орналасқан Мбея өңірінде әзірге белгісіз "вирустан" 15 адам көз жұмып, тағы 50 адам ауруханаға түсті.

Науқастар қан құсқаннан кейін араға бір сағат салып көз жұмып жатыр. Сондай-ақ, бұл "вирусты" жұқтырған адам ішкен-жегенін құсады.

Жергілікті медицина мамандары көпшілікке тарала қоймайды деп болжап отыр. Олар көбінесе бұл ауруға ер адамдардың шалдығатынын байқаған. Дәрігерлер жергілікті суда сынап бар-жоғын тексеруге кірісті.

Еске салсақ, 2020 жылдың желтоқсан айында Үндістанның Андхара-Прадеш штатының Элуру қаласында белгісіз ауру таралып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Билік адамдар лас ауа мен тамақтан уланып жатыр деп болжады.

Автор
Данияр