"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлеріне қарсы зорлықты тоқтатуға шақырды

Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлеріне қарсы зорлықты тоқтатуға шақырды

Бұл үндеуге Қостанай облыстық ауруханасында жас хирургтің қатыгездікпен соққыға жығылуы себеп болды. Қазір дәрігердің жағдайы ауыр, ол реанимацияда жатыр.

«Мен де перзентханада, балалар ауруханасында жұмыс істеген маман ретінде сөйлеп тұрмын. Ашуға бой алдырған сәттегі әрекетіңіз – сіздің жақыныңыздың өмірін құтқаруға тырысқан дәрігердің жанын жаралайды. Бұл — бейбіт заманда дәрігерлердің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіру», — деді министр.

Ол Қарағандыдағы тағы бір оқиғаны мысалға келтірді: жеке клиникада жұмыс істейтін мейіргерге де шабуыл жасалған.

«Дәрігерге қол көтеру – тек бір адамға емес, бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне жасалған шабуыл. Бұл – кейінге қалдырылған операциялар, қараусыз қалған пациенттер», – деп атап өтті ол.

Министрлік жағдайға жауап ретінде күзет пен бейнебақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Қыркүйекте медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы Парламентке енгізіледі.

«Мұндай әрекеттер тұрмыстық жанжал емес, қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде бағалануы тиіс. Зардап шеккен жас дәрігерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Ол санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіліп, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында ем алады», – деді Ажар Ғиният.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.