"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бүгін күшті магниттік дауыл болады

Бүгін күшті магниттік дауыл болады

Халықаралықметеорологиялық лабораториялардың мәліметтері бойынша, 27 шілде әлем бойынша күшті магниттік дауыл болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.

Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді.

27 шілде күні К индексі 5-ке жететін өте күшті магниттік дауыл күтіледі. Бұл қызыл деңгейдегі магниттік дауылға жатады. Алайда ол қысқа болады: 28 шілде күні жағдай қалыпқа келеді.

Магниттік дауыл адамға қалай әсер етуі мүмкін?

Магниттік дауылдар адамның хал-жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін:

бас ауыруы;

әлсіздік;

жылдам шаршау;

ұйқышылдық;

қан қысымының көтерілуі;

жүрек-қан тамырлар жүйесінің проблемасы;

буындардың ауыруы;

көңіл күйдің нашарлауы;

жоғары мазасыздық;

созылмалы аурулардың асқынуы;

ашуланшақ болу;

агрессияның пайда болуы.

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:

таза ауада жиі серуендеңіз. Алайда күн ыстық болғандықтан, 11:00-16:00 арасында далаға шықпаған жөн. Таңда немесе кешке серуендеуге тырысыңыз;

бөлмені жиі желдетіңіз;

бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;

көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;

қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;

су режимін сақтаңыз;

хал-жағдайыңыз нашарласа, дәрігерге көрініңіз.

Автор
Еркебұлан