Атырау облысында жоғалған бауырлардың мәйіті табылды: күдікті – Сұлтан Сарсемалиев
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстанда балаларға жаңа жәрдемақы енгізіледі

Қырғызстанда балаларға жаңа жәрдемақы енгізіледі
Vyacheslav OSELEDKO / AFP via Getty Images. Суретте: Садыр Жапаров

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Бала ырысы» атты жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, шілде айынан бастап үш жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайын 1 200 сом (шамамен 7 мың теңге) көлемінде жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазіргі таңда Қырғызстанда бала туған кезде 4 мың сом көлемінде бір реттік төлем және жүктілік пен босануға байланысты ай сайын шамамен 2 мың сом көлемінде жәрдемақы қарастырылған. Барлық төлемдерді есептегенде, бір балаға үш жыл ішінде шамамен 320-325 мың теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілуі мүмкін.

Ал Қазақстанда бала туған кезде бір реттік жәрдемақы 164 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын 24-38 мың теңге көлемінде күтім жәрдемақысы төленеді.

Сарапшылардың айтуынша, өңір елдерін салыстырғанда, Қазақстандағы балаларға арналған әлеуметтік төлемдер жүйесі көлемі жағынан ең ауқымды жүйелердің бірі саналады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.