Атырау облысында жоғалған бауырлардың мәйіті табылды: күдікті – Сұлтан Сарсемалиев
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ирандағы уытты түтін Қазақстанға әсер ете ме

Ирандағы уытты түтін Қазақстанға әсер ете ме

Қырғызстандық және өзбекстандық БАҚ-да Ирандағы шабуылдар салдарынан пайда болған “уытты түтін” мен “қышқыл жаңбырдың” Орталық Азияға жетуі мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

 Instagram желісіндегі Oblako.uz парақшасында Иранда шабуылдар нәтижесінде мұнай өңдеу зауыттары мен ірі отын қоймалары зақымданғаны туралы жазылды. Жарылыстар мен өрттен кейін атмосфераға көп мөлшерде улы және қауіпті химиялық заттар тараған.

“Бұл заттар ауадағы ылғымен әрекеттесе алады, сондықтан қышқыл жаңбыр түзілуі мүмкін. Ирандағы жергілікті тұрғындар әуе қабатында ерекше қара түсті жауын мен химиялық иіс бар екенін айтты. Мамандар мен бақылаушылар түтіннің қозғалысын қадағалап отыр. Ауа массаларының әсерінен ол Орталық Азия елдері мен Қытайға қарай жетуі ықтимал. я ғни, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанға жетпек. Бірақ заттардың нақты концентрациясы мен салдары әзірге белгісіз”, – делінген жазбада.

“Қазгидромет” мамандары мұның әзірге расталмаған ақпарат екенін айтты.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.