Талғатты құртқан тобыр: Ермегияевтың інісі ел білмейтін шындықты айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда жоғалған Наурыз бен Мирамгүлдің денесі үй ауласынан табылды

Атырауда жоғалған Наурыз бен Мирамгүлдің денесі үй ауласынан табылды
politico.kz коллажы

Атырау қаласына қарасты Геолог шағын ауданында бұрын із-түзсіз жоғалған Наурыз бен Мирамгүлдің денесі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдарды өлтіріп, уақытша баспананың ауласына көміп кеткен. Бұл дерек күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің Алматыда берген жауабынан кейін нақтылана түскен.

Белгілі болғандай, кеше Сұлтан Сәрсемалиев пен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілген. Тергеу барысында Сұлтан Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денесін өзі бұрын тұрған Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Осы мәліметтен кейін Атыраудағы тергеушілер аталған мекенжайға қайта барып, аумақты мұқият тексерген. Соның нәтижесінде екі адамның мәйіті табылды.

Марқұмдардың денесі шыққан үйде күдікті Сұлтан Сәрсемалиев әйелімен бірге тұрғаны анықталған.

Осылайша, із-түзсіз жоғалған отбасы мүшелерінің барлығы табылып отыр. Қазір қылмыстың барлық жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жалғасуда.

Еске салайық, бұл отбасыға қатысты іздестіру жұмыстары өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүргізілген. Оған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылып, арнайы жылжымалы штаб құрылған. Үй ауласы мен маңайы арнайы техникамен, соның ішінде георадарлар арқылы бірнеше мәрте тексерілгенімен, бастапқы іздеу барысында нәтиже шықпаған еді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер