Атырау облысында жоғалған бауырлардың мәйіті табылды: күдікті – Сұлтан Сарсемалиев
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда жоғалған отбасы: Сәрсемалиев пен әйелі Алматыға жеткізілді

Атырауда жоғалған отбасы: Сәрсемалиев пен әйелі Алматыға жеткізілді

Атырауда жоғалып кеткен Наурыз бен оның қарындасы Мирамгүлдің мәйіті табылды. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөздер хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, кеше Сұлтан Сәрсемалиев пен оның әйелі Ақбаян Алматы қаласына жеткізілген. Тергеу барысында Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындаған.

Оның айтуынша, марқұмдардың денесін бұрын өзі тұрған Атырау қаласындағы Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмген.

Осы ақпараттан кейін Атырау облысының тергеушілері аталған мекенжайға барып, аумақты қайта тексерген. Тексеру нәтижесінде ауладан екі адамның мәйіті табылды.

Белгілі болғандай, мәйіттер табылған үйде күдікті Сұлтан Сәрсемалиев жұбайы Ақбаянмен бірге тұрған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.