Путин Лукашенкоға кешегі келіссөз үшін ризашылығын білдірді

0

Кеше «Вагнер» жасағының кері қайтатыны белгілі болған соң Владимир Путин мен Александр Лукашенко телефонмен сөйлесті.

Лукашенко Путинге Пригожинмен болған келіссөз нәтижесі туралы «айтып берген».

«Ресей президенті атқарылған жұмыс үшін беларусь әріптесіне қолдау білдіріп, алғыс айтты», – деп хабарлады Лукашенконың баспасөз қызметі.