Ормуз дағдарысы: әлемдік тәртіп қалай өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Akmal концерті өтпей қалды: көрермендер қаржысын сот арқылы қайтарып алды

Akmal концерті өтпей қалды: көрермендер қаржысын сот арқылы қайтарып алды
Фото: ашық дереккөзден

Сотқа жүгінуге 2025 жылғы 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі жоспарланған Akmal орындаушысының концертіне билет сатып алған азаматтардың көптеген өтініштері негіз болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған маңызды сот шешімі туралы хабарлайды.

Петропавл қаласының № 2 соты департаменттің жеке кәсіпкерге қатысты тұтынушылардың пайдасына ақшалай қаражат өндіру туралы талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.

Сотқа жүгінуге 2025 жылғы 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі жоспарланған Akmal орындаушысының концертіне билет сатып алған азаматтардың көптеген өтініштері негіз болды.

    — Іс-шараның тоқтатылуына байланысты жауапкер тұтынушыларға ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (ішінара қайтарған).

    Істі қарау барысында көптеген тұтынушының төленген қаражатты толық көлемде алмағаны анықталды. Кәсіпкерге сотқа дейінгі талап жолданғанына қарамастан, анықталған заң бұзу жойылмаған, — делінген министрлік хабарламасында.

Тұтынушылардың оннан астамының құқықтары бұзылғанын ескере отырып, департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгісіз тұлғалар тобының мүддесін қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын іске асырды.

Қол жеткізілген нәтиже департамент мамандарының үйлесімді әрі жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды, олар азаматтардың өтініштерін тиімді қарауды және істі сот органдарында тиісті сүйемелдеуді қамтамасыз етті.

Сот шешімімен жауапкерден жәбірленуші азаматтардың пайдасына 5 380 126 (бес миллион үш жүз сексен мың жүз жиырма алты) теңге өндірілді.

Айта кетелік Астана мен Алматыда Энрике Иглесиастың концерті өтеді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.