Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Төреғали Төреәлінің жетінші сәбиі дүниеге келді

Әнші Төреғали Төреәлінің жетінші сәбиі дүниеге келді
Фото: instagram.com/impresario.tv/

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сүйінші жаңалықты продюсер Жан Мұқанов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Құрметті қазақ елі! Бүгін қуанышты жаңалықты бөліскім келеді. Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Сүйінші! Бүгін – 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл – жетінші қыз бала. Киелі жетілік!” – деп жазды ол.

Продюсер әнші мен оның жарын құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

“Шын жүректен құттықтаймын! Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін. Осындай ақжолтай сәттер қазақ еліне көбейе берсін! Құтты болсын!” – деп жазды ол.

Жан Мұқановтың айтуынша, Төреғали Төреәлі қызды болған. Сондай-ақ продюсер нәрестеге әлі есім таңдалмағанын айтты.

“Сәбидің есімі әлі қойылған жоқ. Құрметті ағайын, қандай есім лайық деп ойлайсыздар? Пікірге ұсыныстарыңызды жазыңыздар – бәлкім, дәл сіз ұсынған ат бұйырар”, – деп жазды ол.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.