Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Төрт баланың анасы жолдасының қолынан аса қатігездікпен өлтірілді

Төрт баланың анасы жолдасының қолынан аса қатігездікпен өлтірілді
Фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысының Жәйрем кентінде 42 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты. Марқұм – төрт баланың анасы болған, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бірге тұрған ер адам әйелге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қайғылы оқиға күндіз, оның жұмыс орнында болған.

Жақындарының айтуынша, әйел балаларын жалғыз өзі асырап келген еңбекқор ана еді. Төрт баласының бірі ерекше күтімді қажет етеді.

Белгілі болғандай, күдіктімен ресми некеде болмаған. Соңғы уақытта олардың арасында жанжал жиілеп, ер адамның тарапынан зорлық-зомбылық көріністері байқалған. Әйел бұған дейін бірнеше рет құқық қорғау органдарына жүгінгені де айтылды.

Оқиға күні марқұм қарым-қатынасты тоқтатпақ болған, алайда бұл шешім қайғылы жағдайдың алдын ала алмаған. Шабуылдан кейін күдікті өзіне де зақым келтіруге әрекет жасап, қазір медициналық мекемеде күзетпен жатыр.

Аталған дерек бойынша «аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір марқұмның балалары ауыр психологиялық жағдайда. Туыстары әділ тергеу жүргізіліп, балалардың жағдайы назардан тыс қалмауын сұрап отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.