Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

657 миллиард тенге: Емхана бюджетін Италиядағы туристік сапарларға жұмсаған

657 миллиард тенге: Емхана бюджетін Италиядағы туристік сапарларға жұмсаған
Фото: ЖИ

Астанадағы емханалардың бірінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Прокуратура мәліметінше, тексеріс барысында 675 миллион теңгеден астам қаржының заңсыз шығарылғаны анықталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, медициналық мекеменің бұрынғы басшылығы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге бөлінген қаражатты жүйелі түрде жымқырып отырған. Қаражат жақын туыстар мен аффилирленген тұлғалардың есепшоттарына аударылып, заңды операциялар ретінде көрсетілген.

Жымқырылған қаржының бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника алуға және Италияға туристік сапарларға жұмсалғаны айтылып отыр.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі көлемдегі ұрлық) бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, бұған ұқсас жағдай биыл қаңтар айында да тіркелген. Ол кезде екі жекеменшік клиника басшылары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 682 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеу барысында жүйеге жалған мәліметтер енгізілгені анықталған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.