Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркияда қаза тапқан қазақстандық туралы тың дерек жарияланды

Түркияда қаза тапқан қазақстандық туралы тың дерек жарияланды
ашық дереккөзден

Ыстанбұлда атыс кезінде қаза тапқан қазақстандыққа қатысты жаңа деректер жария болды. Журналистер марқұмның жеке басын анықтап, оның 36 жастағы Ариф Исмаилов екенін хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Марқұмның туыстары оның курьер болғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарып, оның кәсіпкер екенін мәлімдеді. Айтуларынша, Ариф Исмаилов ұзақ жылдар бойы Қазақстан мен Түркия арасында жүк тасымалымен айналысатын көлік-логистикалық компанияны басқарған.

Ол 1989 жылы Алматыда дүниеге келген және соңғы 15 жыл ішінде осы салада жұмыс істеген. Ыстанбұлға бірнеше күнге жұмыс бабымен барған.

Марқұмның артында жұбайы мен үш кәмелетке толмаған баласы қалды. Отбасы ұлты күрд болғанымен, бірнеше буыннан бері Қазақстан азаматтары екені айтылды.

Жақындарының сөзінше, "курьер" деген ақпарат әдейі таралған.

"Ол ірі логистикалық компанияны басқарған. Оны курьер деп көрсету – істің мәнін жеңілдету үшін жасалған әрекет", – дейді марқұмның ағасы.

Бұған дейін кейбір дереккөздер қылмыстың қарызға байланысты болуы мүмкін екенін болжаған. Алайда отбасы бұл нұсқаны жоққа шығарып, марқұмның бизнесі толықтай заңды болғанын атап өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа үш адам қатысқан. Күдіктілер – Грузия азаматтары. Олар Түркия мен Болгария шекарасы маңында ұсталған. Құқық қорғау органдары оларды ұстау барысында дрондарды да пайдаланған.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер алдымен жаяу қашып, кейін таксиге отырып, елден кетуге әрекеттенген.

Марқұмның туыстары Қазақстан мен Түркияның құқық қорғау органдарына және дипломатиялық қызмет өкілдеріне алғыс білдірді.

Ариф Исмаиловтың денесі елге жеткізіліп, 1 сәуір күні жерленді. Қаралы рәсімге шамамен екі мың адам жиналған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 31 наурыз күні Ыстанбұлдың Фатих ауданында болған. Белгісіз адамдар ер адамды атып, оқиға орнынан ізін суытқан. Кейін бұл сәт бейнебақылау камераларынан анықталған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер