Психикалық ауруы бар: Үш жыл бала күтушісі болған әйел 4 жасар қызды өлтірді
Мәскеуде 4 жастағы жарымжан қызды өлтірді деп айыпталған өзбекстандық Гүлчехра Бобокулова Ресейден депортацияланады. Ол осы оқиғадан кейін психиатриялық ауруханаға түскен.
Ресейдің сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, оның емі аяқталғаннан кейін Өзбекстанға депортацияланады.
2016 жылдың ақпан айында үш жыл бойы күтуші болған Бобокулова төрт жасар Анастасия Мещерякованы өлтірген.
Сол жылы 24 қарашада Хорошев аудандық соты күдіктінің психикалық ауру екенін анықтап, қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. Осыдан кейін Бобокулова мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілген.