Пластикалық отадан кейін комаға түскен әйелдің сіңлісі халықтан көмек сұрап отыр
Әпкесінің пластикалық операциядан кейін комаға түскенін айтқан Алматы облысының тұрғыны көпшіліктен көмек сұрап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол дүйсенбі күні дәрігерлер әпкесін ауруханадан шығаратынын айтты.
Алайда Гүлнар Айнағұлова әлі де комада жатыр екен.
«Соңғы күндері Гүлнар пневмониямен ауырып қалды. Дәрігерлер қажетті дәрілерді жазып берді. Егер әпкемді үйге шығарып жатса, онда оның жататын орнын әзірлеу керек», — дейді Гүлзада.
Гүлзаданың айтуынша, ауруханадан науқасты шығарғаннан кейін оған қажетті заттары мен дәрілеріне 2,5 миллион теңге қажет екен.
Гүлзада әпкесінің барлық болып жатқан жағдайды сезіп жатқанын айтады.
Ол әпкесінің аяқтан тұрып кететініне сенеді. Сол үшін «жақсы күтім мен ем» керек дейді ол.
Осыған байланысты қажетті дәрі-дәрмектерді алу үшін қазақстандықтардан қаржылай көмек сұрайды.
Реквизиттер: KASPI GOLD 5169 4931 2311 8187
ИИН 730309402014
Айнагулова Гульзада Ясыновна
Ағымдағы шоттың нөмірі Халық Банк: KZ686014933100108525
БИН: 940140000385
БИК: HSBKKZKX
Айнагулова Гульзада Ясыновна
Еске сала кетсек, Алматы облысында бетіне пластикалық ота жасатқан әйел комаға түсіп қалған болатын.
Дереккөз: kaz.nur.kz