Өзбекстанда жер сілкінісі сәті Yoshlar телеарнасының тікелей эфиріне шықты, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.
Бейне әлеуметтік желілерде пайда болды. Жарияланған кадрлардан шоуға қатысушылардың тікелей эфир кезінде бір-біріне соқтығысып жатқанын көруге болады.
Осыдан кейін шоу жүргізушісі тез әрекет етіп, барлық қатысушыларды тыныштандырды.
Бұрын Ауғанстанда 7.8 баллдық күшті жер сілкінісі болған. Дүмпулер Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда сезілді.
[video width="640" height="352" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2023/03/2_5246807309505539061.mp4"][/video]
видео: arbat.media