"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудың дәрігерлері анасы тастап кеткен перзентханадағы баланы қырқынан шығарды

Атыраудың дәрігерлері анасы тастап кеткен перзентханадағы баланы қырқынан шығарды

Атырауда облыстық перинаталдық орталықтың ұжымы ерекше адамгершілік танытып, тағдыры ауыр сәбиге қазақы дәстүрмен қырық күндік рәсімін жасап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Астана» телеарнасының мәліметінше, мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестені анасы перзентханада қалдырып кеткен. Осыған байланысты сәби үшін ең маңызды салтты өз ата-анасы емес, оны күтіп-баптап жүрген медицина қызметкерлері атқарған.

Ақ халаттылар қазақтың салтына сай баланы шомылдырып, шашы мен тырнағын алып, жаңа киім кигізген. Сондай-ақ бесікке салу кезінде дайындалатын дәстүрлі «тыштырма» арнайы әзірленіп, тәттілермен бірге таратылған. Тағдыр тәлкегіне түскен бөбекті дәрігерлер мен мейірбикелер құшағына алып, мейірім мен жылулық сыйлады.

Бұл игі істі ұйымдастыру үшін перинаталдық орталық қызметкерлері өзара қаражат жинап, қажетті заттардың бәрін өздері сатып алған. Асханада бауырсақ пісіріліп, мейірбикелер сәбиге арналған жаялық пен киім-кешекті үйінен әкелген.

Облыстық перинаталдық орталық директорының міндетін атқарушы Гүлмира Әбікееваның айтуынша, ұжым үшін бұл рәсім жай дәстүр емес, баланың болашағына деген үміт пен қамқорлықтың белгісі болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.