Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үкіметте жаңажылдық дастарханға қанша қаражат жұмсалатыны есептелді

Үкіметте жаңажылдық дастарханға қанша қаражат жұмсалатыны есептелді
Фото: YouTube

Үкіметте қазақстандықтар жаңажылдық дастарқанға сатып алатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына талдау жүргізіліп, қанша қаражат жұмсалатыны есептелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Азық-түлік себетінің құны айтарлықтай өскен жоқ. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді.

Жаңа жылдық дастарқанның қымбаттауы мүмкін бе деген сұраққа жауап беріп, ол талдау ең сұранысқа ие өнімдер бойынша жүргізілгенін атап өтті.

"Азық-түлік себетіне қатысты талдау жүргізілді. Егер жаңажылдық себетке алынатын 37 түрлі өнімді алсақ, оның ішінде екі ыстық тағам бар, бұл тауық еті мен ет. Былтыр бұл шамамен 68 мың теңге болды, плюс-минус. Қазір шамамен 70 мың теңге, тағы плюс-минус", – деді Жәутікбаев.

Оның айтуынша, бағаның өсуі қалыпты және жаппай сипатта емес.

"Кейбір тауарлар арзандады, ал кейбірі, керісінше, сәл қымбаттады, жалпы қарқыны осындай", – дейді Сауда комитетінің төрағасы.

Ведомствоның мәліметінше, жалпы алғанда азық-түлік нарығындағы жағдай "тұрақты күйінде қалып отыр" және жаңа жылдық дастарқанға кіретін тауарлар бағасының күрт өсуі байқалмайды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі