«Өте қиын екен»: Ернар Айдар марқұм әкесіне арнап жазба жариялады
Танымал әнші Ернар Айдар марқұм әкесіне арнап жазба арнады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жыл аяғында өнер иесінің әкесі дүниеден өтті.
“Барлық жұмыстарымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты және турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді. Қапыда ерте кеттіңіз-ау, әкешім, сізді сағындым. Алланың бұйрығын қабылдайды екенсің, көнеді екенсің, бірақ өте қиын екен», – деп еске алды әнші.
Әнші марқұм әкесіне деген сағынышын өлең жолдары арқылы жеткізді.
«Сонымен құладың ба, тас қамалым?
Қалмады күйініштен басқа амалым.
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.
Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым?
Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!», – жазды өнер иесі.