Оразақ Смағұл: Сәкен Сейфуллинді 25, Мағжан Жұмабаевты 13 минутта атып тастаған. Әлемде мұндай сот болған емес
Белгілі ғалым, генетик Оразақ Смағұл кеңес одағы кезіндегі ахуал мен қазақстандықтардың қазіргі жағдайын салыстырды. Осы орайда ол қазақ зиялыларына жасалған әділетсіздікке тоқталды.
«Сондай залымдықтың бәрін көргеннен кейін қаншама адамдар… Сейфуллиндерді атуға 25-ақ минут уақыт кеткен ғой. Партиялық комитет өзінің комитетінде отырып «мынаны атып тастау керек» деген шпаргалканы дайындайды. Сосын келіп, сот деп имитация жасап, әлгі шпаргалканы оқып беріп адамдарды атып тастай берген.
Сәкен Сейфуллинді ату үшін 25 минут жұмсаған. Мағжан Жұмабаевты 13 минуттың ішінде атып тастаған. Өлім жазасын шығарған. Әлемде ондай сот процесі жоқ. Сот үкімін 13, 25 минутта шығарып, өміріне шек қою дегендей әлемде сот болған жоқ. Осы күнге дейін бүгінгі экономистер мен заңгерлерге ренжимін», — дейді ғалым.