«Оның көзі ерекше нұр шашып тұрды»: Тамара Асар қызын қырқынан шығарды (фото, видео)

0

Өнер жұлдызы Тамара Асар қызын қырқынан шығарып, достары мен жақындарына арнап той жасады. Қырқынан шығару рәсімі ұлттық нақышта өтіп, қазақтың салт-дәстүрі ұлықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Тамара Асардың қуанышына өнер адамдары тегіс жиналды. Оның ішінде Алтынай Жорабаева, Динара Сәтжан, Қарақат, Гүлзира Айдарбекова сынды өзге де эстрада жұлдыздары да болды. Айта кетерлігі, қырқынан шығару толықтай қазақы нақышта, түрлі ғұрыптардың орындалуымен өткен. Мәселен, жиналған қауымға ұйымдастырушылар ұршық иіртіп, ұлттық ойындар мен дәстүрлерді орындатты. Одан бөлек, әнші тойбастарға күміс әшекейден таратты. Әншінің қуанышынан видеоларды мен суреттерді өнердегі құрбылары жарыса жариялауда.

Сәбиінің алғашқы тойына әнші Тамара Асар да аса мұқияттылықпен дайындалған іспетті. Кіндік шешесі стилист Гүлмира Бүркітова болса, тырнағын алу мәртебесі журналист Динара Сәтжанға бұйырған.

«Кеше Тамара көптен күткен қызы Ажарды қырқынан шығарды. Жақындары мен туыстары жиналды. Ежелгі дәстүрі бойынша баланың дүниеге келгеніне қырық күн толмайынша тырнағы мен шашын алмайды. 40 күн бойы нәресте күш алады. Баланы да ешкімге көрсетпейді. 6аптадан соң ғана ақырындап үйден шығуға болады. Әйелдер тойлап жатқанда, Тамараның жолдасы сыртымыздан бақылап тұрды. Залға кірмесе де, қызының жақынан шықпады. Қатты толқып жүргені де көрініп тұрды. Ал Тамара ше? Мен оны мұндай күйде бұрын-соңды көрмеппін. Оның көзінен махаббат, тыныштық және ішкі гармония анық байқалды. Тамараның жүзі нұр шашып тұрды. Нағыз махаббат осындай ғажайыптарға әкеледі», — деп жазды Динара Сәтжан.

https://www.instagram.com/tv/CU15z1PFqKr/?utm_source=ig_web_copy_link