Астананың қақ ортасында "70 лет октября" көшесі бар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бұл менің бастамам болған жоқ": Арман Жұмагелдиевтің бұрынғы әйелі ажырасу себебін айтты

"Бұл менің бастамам болған жоқ": Арман Жұмагелдиевтің бұрынғы әйелі ажырасу себебін айтты
Youtube/Aitchy

Арман Жұмагелдиевтің бұрынғы жұбайы Айкөл Алекжанова сұхбат барысында экс-күйеуі туралы алғаш рет ашық пікір білдірді. Ол Арман сотталған кезеңде оны тастап кету туралы ой болмағанын, алайда кейін екеуінің жолы екіге айырылғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Айкөлдің сөзінше, Арманға үкім шыққан кезде өзі Бішкекте болған. Сол уақытта алдымен қызы, кейін өзі қызылшамен ауырып, отбасы үшін ауыр кезеңді бастан өткерген. Соған қарамастан ол сол сәтте күйеуінің жанынан кетуді ойламағанын жеткізді.

"Оны осындай жағдайда тастап кету туралы ой болған жоқ. Мен оны тастамадым. Егер ол маған таңдау бергенде... Бірақ ол таңдау берген жоқ", – деді ол.

Айкөл ажырасу өзінің бастамасы болмағанын да ашық айтты. Оның сөзінше, олардың қарым-қатынасында екі тарап та қателескен кездер болған. Дегенмен Арманның жағдайын ескеріп, көп нәрсені кешіруге тырысқан.

Бұрынғы жұбайы ажырасуға нақты не себеп болғанын егжей-тегжейлі жариялаудан бас тартты. Тек шешімді Арманның өзі жасағанын және кейін қайтып оралу мүмкін болмайтын жағдай болғанын меңзеді.

"Барлық жағдайдың қалай болғанын айтқым келмейді. Бұл – жеке мәселе. Жалпы айтарым, ол солай қалады. Маған мұны қабылдаудан басқа амал қалмады. Ол қайтып оралмайтындай бір шектен өтті. Нақты не болғаны отбасымызда қалуы керек", – деді Айкөл.

Соған қарамастан, бұрынғы ерлі-зайыптының арақатынасы үзілмеген. Айкөл олардың жақсы қарым-қатынасты сақтап қалғанын және Арманды ортақ қызының әкесі ретінде әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Ол қызының әкесін ұмытпауына да ерекше көңіл бөлетінін айтты. Айкөл балаға Арманның фотолары мен интернетте сақталған видеоларын көрсетіп, әкесінің оны жақсы көретінін түсіндіруге тырысатынын жеткізді.

"Мен оны қолдаймын, ол үшін дұға жасаймын. Қызыма әкесінің суреттері мен видеоларын үнемі көрсетемін. Әкесін танып, есінде сақтағанын қалаймын. Ол өскенде әкесі оны жақсы көретінін, тек қасында бола алмайтынын түсінсе деймін", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер