Министр Роман Скляр «таза қазақша» сөйлеуді қайдан үйренгенін айтты — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Асқар Мамин үкіметке жаңа тәртіп енгізді. Премьер министрлер отырысын сағат таңғы 10-00-ден 9-00-ге ауыстырды, деп жазады Время.
«Енді отырыс таңғы сағат 9-дан басталады. Үйрене беріңіздер», — деді журналистерге үкімет баспасөз қызметінің өкілі Дариға Накенова.
Асқар Мамин ұйқыдан ерте тұрады. Өзінің айтуынша, ол таңғы сағат 4-те оянып, жатығу жасайды. Ағылшын мен қытай тілін үйренуге ден қояды. Ал, қай уақытта ұйқыға жататыны белгісіз.
Мамминнің жұмыс істеу стилі өзгеше. Ол хоккейст секілді. Өзі де хоккей ойынының жанкүйері, сүйікті хоббиі. Үкімет отырысы да кеше небәрі 45 минутқа созылды.
Жиында өзін ерекше жағынан көрсеткен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр. Ол екі баяндамасын таза қазақ тілінде айтты. «Қ», «ғ» әріптерін еркін дыбыстады.
«Мен 6 жасымнан ауылға туыстарыма барып жүрдім. Сол жақта қазақ тілін үйрендім. Оған дейін қазақша білмейтінмін. Мектепте кеңестік кезде қазақ тілі сабақтары болған жоқ. Әлі де үйрену керек. Бәрін түсінем, айта алам, бірақ әлі дайындалу керек», — дейді Скляр үкіметтің кулуарлы отырысында.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz