Талғатты құртқан тобыр: Ермегияевтың інісі ел білмейтін шындықты айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мақпал Жүнісованың анасымен ұқсастығы желіні шулатты (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісованың анасымен ұқсастығы желіні шулатты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қарт анасымен бірге түскен әсерлі видеоны жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбада әнші анасымен бірге жылы жүздесіп, оның жанында отырған сәтін бөліскен. Жазбаның астына ол:

“Жаным анашым, алдымызда ұзағынан болыңызшы!” – деп жүрекжарды тілегін қалдырған.

Желі қолданушылары жарияланған видеоны жылы қабылдап, пікірлерін жаудырды. Көпшілік әсіресе әншінің анасымен сырт келбеті қаншалықты ұқсас екеніне назар аударған. Кейбірі олардың жүз-келбеті мен мимикасынан айқын ұқсастық байқалатынын жазды.

Сонымен қатар, оқырмандардың көбі Мақпал Жүнісованың анасының шынайы күлкісіне ерекше тоқталып, оның өте мейірімді әрі жылы әсер қалдыратынын атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.