15 наурызда Қарағандыда автобустарда тегін жүруге болады, деп хабарлайды kznews.kz.
Референдум күні – 15 наурызда Қарағандыда қалалық және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады. Қоғамдық көлік жексенбі күннің кестесі бойынша жұмыс істейді.
16 наурыздан бастап автобустар қалыпты режимде қатынайтын болады.