Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әнші Майра Ілиясова өнер жолы және отбасы жайлы сыр шертті

Әнші Майра Ілиясова өнер жолы және отбасы жайлы сыр шертті
Фото: Ашық дереккөзі

Халық әртісі, әнші әрі продюсер Майра Ілиясова “Өнер өрнегі” бағдарламасына берген сұхбатында көпшілікке беймәлім болған жеке өміріне қатысты әсерлі жайтты айтып берді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол экс-жолдасы Бақытжанмен студенттік жылдары танысқан. Әнші бұрынғы күйеуінің сабырлы, түсінігі мол, мінезі жұмсақ азамат болғанын ерекше ықыласпен еске алды.

“Мен қанша іссапарға кетемін, кейде жұмыстан таңғы сағат 05:00-те келсем де, ешқашан ренжіп, жаман сөздер айтқан емес. Қызым Тоғжан әкесінің қызы болды, сондай тату тұрдық”, – деді әнші.

Майра Ілиясованың сөзінше, бір жолы оны 40 күнге Мәскеуде өткен дүниежүзілік фестивальге жібереді. Сол уақытта кішкентай қызы Тоғжан әкесімен елде қалады. Әнші сапардан оралғанда отбасын әуежайдан көріп, жолдасының қатты жүдеп кеткенін байқаған.

“Ол кезде қызым Тоғжан кішкентай. Мәскеуден қайтқанда мені әуежайдан екеуі күтіп алды. Қарасам, күйеуім жүдеп кетіпті. 40 күн бойы бала қарау оңай ма? Күніне үш уақыт тамағын береді, таңертең балабақшаға апарады, кешке алып қайтады. Негізі ер адамға үйінде күтіп отыратын әйел керек. Сол кезде “Мына жүрісім не? Мен не өнерді таңдайын, не жеке өмірді таңдайын деп ойладым”, – дейді әнші.

Осы жағдайдан кейін өнер иесі жолдасына өзге жанмен шаңырақ көтеруді өзі ұсынған. Оның айтуынша, бұл — өнер жолында жасаған ең ауыр шешімдерінің бірі болған.

“Бақытжан ішімдік ішпейтін, темекі тартпайтын, орынсыз үйден кеткен емес. Қай уақытта болсын отбасының жанынан табылатын. Осыдан кейін “Осындай азаматты мен қор қылып жүрмін бе? Мына тірлігім не?” деп ойладым да, өзіне ойымды ашық айттым. Өмір, солай болды. Қазір бір ұлы бар. Біз араласып тұрамыз, біз оларға, олар бізге қонаққа келіп тұрады”, – дейді ол.

Әншінің сөзінше, мұндай шешім бір күнде қабылданбаған. Ол бұл туралы екі жыл бойы ойланған. Бастапқыда Бақытжан бұған келіспегенімен, Майра Ілиясова өнерден қол үзе алмағанын жасырмады.

“Сен сондай керемет азаматсың, айналаңда тамаша жандар бар ғой” дедім. Сөйтіп кейін мені өзі таңдаған жанмен таныстырды, маған ұқсас жар тапты. Өзі ұлды болғанды жақсы көретін, ұлды болды. Бәрі жақсы”, – деді әнші.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер