Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үндістанда ер адам 56 мың теңге үшін кобрамен бәстесіп, қаза тапты

Үндістанда ер адам 56 мың теңге үшін кобрамен бәстесіп, қаза тапты
pixabay.com

Үндістанның Сахаранпур қаласында 34 жастағы шөп сатушы Сикандар Нат кобра жыланы шағып, көз жұмды. Ер адам жылан уына қарсы емдік шөптері бар екенін дәлелдеу үшін қауіпті бәске барған, деп хабарлайды kznews.kz.

Bhaskar English басылымының мәліметінше, Сикандар өз сататын шөптерінің жылан уын бейтараптай алатынын айтып, айналасындағыларды сендірмек болған. Сол кезде бір топ адам оны сынап көру үшін кобраның өзін шағуына рұқсат беруді ұсынған. Нәтижесінде ер адам 10 мың рупийге (шамамен 56 мың теңге) бәстесіп, қолын созып, жыланның саусағын шағуына мүмкіндік берген.

Алайда көп ұзамай оның жағдайы күрт нашарлап кеткен.

Марқұмның туыстарының айтуынша, оқиға кезінде жанында болған адамдар оны бірден ауруханаға апармаған. Олар өздерін "үкіметтің құтқару тобының мүшелеріміз" деп таныстырып, жағдайды бақылауда ұстаймыз деп сендірген.

Бұл қайғылы оқиға 10-11 қараша күндері болған. Бірақ оқиға туралы ақпарат шамамен бір айдан кейін ғана белгілі болған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер