Дубай халықаралық әуежайының маңында екі ұшқышсыз басқарылатын аппарат құлады, деп хабарлайды kznews.kz.
Төрт адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Олардың барлығы шетелдіктер.
— Гананың екі азаматы және Бангладештің бір азаматы жеңіл жарақат алды. Үндістанның бір азаматы орташа дәрежедегі жарақат алды, — деп хабарлады Дубай Медиакеңсесі.
Әмірліктің қоғам және БАҚ-пен байланыс жөніндегі ресми органы әуе қатынасы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын қосып өтті.
Осыған дейін Дубай халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатқаны хабарланды.
Сондай-ақ Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға рейстерді тоқтататынын жаздық. Ал FlyArystan Ақтау — Дубай бағыты бойынша рейстерді 31 наурызға дейін тоқтатты.
Еске салсақ, Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық оралған еді.