Мектеп директоры мұғалімді бінеше мәрте зорлағаннан кейін жұмыстан өз еркімен шығып кеткен
Мектеп-интернат директоры қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деген жанжалдың өршуіне байланысты жұмыстан шықты.
Бұған басауыш сынып мұғалімі Гүлмира Тәжібаеваның ток-шоулардың бірінде сөйлеген сөзі себеп болды. Оның айтуынша, мекеме басшысы оны қорлап, жұмыста жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген.
Алдымен ер адам қызмет бабын пайдаланып, оны кафеге шақыруды бұйырған. Әйел 35 000 теңге жинап, басшыны кешкі асқа шақырған. Мұғалімнің айтуынша, сол кештегі кездесуден кейін зорланған.
Мен жыладым, қарсылық білдірдім, қол тигізбеуімді өтіндім, бірақ ол мені тыңдамады және зорлады, – дейді жәбірленуші.
Мұғалім бастықтан қорқап, қорқынышты оқиға туралы Құқық қорғау органдарына хабарламаған. Ер адам бірнеше ай бойы осындай қатігездікті қайталап келген. Нәтижесінде мұғалім осы жағдайдың барлығынан шаршап, «Ащы шындық» ток-шоуына барған.
«А.У.-ның әдептілігі мен адамгершілігі жоқ. Бірде ол мені өз кабинетіне шақырып, оған ұят дүниені жасауды талап етті. Мен мұны естігенде жүрегім тоқтап қала жаздады. Менің қысымым 220-ға дейін көтеріліп, ауруханаға түстім. Мен түні бойы ұйықтай алмадым, тек жыладым. Мен әділеттілікке қол жеткізгеніме қуаныштымын. Мен бүкіл елге өз трагедияммен бөлістім. Менде жоғалтатын ештеңе жоқ», — деді жәбірленуші.
Түсірілімнен кейін директор жұмыстан босату туралы өтініш жазып, бағдарламаның журналистеріне тапсырды. Келесі күні ол бағдарламада да, әлеуметтік желілерде де оның бейнесін көрсетпеуді талап етіп, «Ащы шындық» бағдарламасының атына сотқа дейінгі талап жіберді. Мектеп директоры және басқа да педагогтардың атынан шыққан адвокат Дина Сәдуақасова жобаның продюсері Ғазиза Райымбекпен кездесіп, оның сенім білдірушілері бейнеленген материалдардың эфирге шығуына тыйым салуды талап етті. Қазір барлық талаптарды шешу және нақтылау аясында редакция дау толық шешілгенге дейін эфирге шығуды уақытша тоқтатты.
дереккөз: Arbat.media, фото: ratel.kz