Астанада 18 мыңнан астам бала бір уақытта қазақтың ең танымал ұлттық ойындарының бірі – асық ойынын ойнады, деп хабарлайды kznews.kz.
Іс-шара Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды. Ірі мәдени-спорттық шара Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Сонымен қатар Жекпе-жек сарайының алаңында 3000 бала «АЛТЫН САҚА» флешмобына қатысты. Олар арнайы композицияға тұрып, асықтың «Алшы» келбеті мен «Алтын сақа» жазуын бейнеледі.
Музыкалық әуенмен балалар флешмобтың көркем мазмұнын ашатын түрлі би қимылдарын орындады. Бағдарламаны толықтай Айдар есімді жасанды интеллект жүргізді.
Флешмоб аяқталғаннан кейін жасанды интеллект қаланың барлық білім беру ұйымында – балабақшалар мен мектептерде – асық ойынының басталғанын ресми түрде жариялады.

Осы белгі бойынша бір мезетте 18 000-нан астам бала бүкіл қала бойынша асық ойнай бастады.