Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Залал 247 миллион теңге": Блогер Жанәбіловтердің қандай мүлкіне тыйым салынғаны айтылды

"Залал 247 миллион теңге": Блогер Жанәбіловтердің қандай мүлкіне тыйым салынғаны айтылды
Видеодан алынған кадр

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Жанәбіловтерге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор олардың мүлкіне қатысты қандай шара қолданылғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаевтың айтуынша, блогердің жұбайының атына тіркелген бірнеше көлікке тыйым салынды. 

"Блогер Эльмира Төлегенованың атына тіркелген 8 Hyundai Elantra автокөлігі мен 17 iPhone 16 телефонына тыйым салынды. Сонымен қатар Lamborghini Urus және Lexus LX80 автокөліктеріне де қамау қойылды. Тұрғын үйге қатысты қылмыстық іс материалдары бойынша айыпталушылардың атына тіркелген жылжымайтын мүлік анықталмаған. Осыған байланысты тұрғын үйге ешқандай тыйым салынбады", - дейді Хайруллаев.

Хайруллаевтың айтуынша, келтірілген залал көлемі 247 миллион теңге. Бұл айыпталушылардың заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу арқылы тапқан қаражаты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.