Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров белгілі продюсер Жанат Мұқанов және әнші Төреғали Төрәлімен кездесіп, өңірдегі мәдениетті дамыту мен жаңа шығармашылық жобаларды талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.
Кездесуде аймақ басшысы Түркістанның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Киелі Түркістанға қош келдіңіздер. Тарихы терең өңір бүгінде қарқынды даму үстінде. Бірақ туризмді дамыту үшін тек ғимараттар жеткіліксіз, қаланың “жаны”, креативті индустриясы болуы керек. Оған өздеріңіз сияқты шығармашыл азаматтар үлес қосады», – деді Нұралхан Көшеров.
Ал Төреғали Төрәлі Түркістанға көшу жүрек қалауымен болғанын айтып, алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті.
«Тарихы тереңде жатқан Түркістан ерекше ұнады. Қала өте әдемі әрі жақсы дамып жатыр. Шығармашылықты дамытып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді әнші.