Мадина Сәдуақасова жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды (фото)
43 жастағы Мадина Сәдуақасова жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды. Фотосессия барысында әнші шашын қызғылт түске өзгерткен, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Әнші жаңа образын Instagram парақшасында жариялады. «Көктем деп осылай өзгеріп кетсем не дер едіңіз? Жарасады немесе жараспайды?», — деп жазды Сәдуақасова. Әншінің ерекше образы желі қолданушыларының бәріне бірдей ұнамаған. «Өте әдемі», «Ерекшесіз», «Әдемі адамға бәрі жарасады», «Жоқ, жараспайды», «Қуыршақтайсың. Мадина, бәрі жарасады», «Жасыңның қаншада болғаны маңызды емес. Бастысы жарасымды болса болды», «Жасыңызға лайық емес, жасамаңыз», — деп пікір білдірді желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасова Ерке Есмахан мен Раимның қарым қатынасы жайлы бұрыннан білгенін айтқан болатын.