Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптайды

Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптайды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды. 

Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды" – деп жазды Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерді ракета, дрондармен атқылағаны үшін кешірім сұрап, шабуылды бірінші болып бастамайтынын мәлімдеді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.