Лавров Тоқаевпен Байқоңыр мәселесін талқылауы мүмкін – Притчин

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2019 жылдың 8-9 қазанында Қазақстанда ресми сапармен болады 

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан — Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға ресми сапармен келеді. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуге ниетті. Күн тәртібінде қандай тақырыптар болатынын сарапшы Станислав Притчин айтып берді. 

«Сірә, сыртқы істер министрлері деңгейінде байыпты және шұғыл консультацияларды қажет ететін бір де бір себеп жоқ. Күн тәртібінің аясы кең болғандықтан тараптар талқылайтын мәселелерді анықтауға болады. Біріншіден, Өзбекстанның ЕАЭО-ға кіру мүмкіндігінің перспективасы қаралады», — деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Ресей ғылым академиясы Шығыстану институты Орталық Азия мен Кавказды зерттеу орталығы аналитикалық тобының жетекшісі Станислав Притчин.

Оның айтуынша, Байқоңырды дамыту мәселесі де талқыланады.

«Қала жабық мәртебеге ие. Енді оны ашу мәселесі талқылануда. Бұл кездесу кезінде көтеріледі және министрлердің күн тәртібінде болады деп ойлаймын», — деді Притчин.

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанға ресми сапары 2019 жылдың 8-9 қазанына жоспарланып отыр.
 



sputniknews.kz