«Күн сайын президент бола бермейсің, әсіресе біздің жағдайда»: Тоқаевтың ашық сұхбаты — Қазақстан жаңалықтары

0

YouTube арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің отбасы, саясат және заманауи музыка туралы сұхбаттың толық видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

президент

YouTube желісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік журналист Алексей Пиваровқа берген сұхбатының толық видеосы жарияланды. 

Шілде айының соңында отандық арна Қазақстанның жаңа басшысы туралы «Президент 2.0» атты деректі фильмді көпшілік назарына ұсынған болатын. Тоқаев аталған сұхбат барысында 1988 жылы Қытайда жемқорларды өлім жазасына кескен сәтке куә болғаны туралы айтты. 

Сондай-ақ, ол осы сұхбат кезінде өзін ешуақытта өзгертпейтінін және өзін осы қалпында қабылдауға шақыратынын бөлісті. 

Бұдан өзге ол өзінің отбасының басынан өткен қайғылы оқиғаны баяндап берді. Атасы нан табуға кетіп оралмаған. Ал әкесі, алдымен, балалар үйіне барып, кейін майданға аттанған. Мұнымен қатар, ол 30-жылдарда болған ашаршылыққа орыс халқының еш қатысы жоқ екеніне тоқталған-ды. 

«Басында жаңа лауазымға құлағым онша үйренбеді. Көпшілік жиналған іс-шараларда «Президент, президент» дегенді естігенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келе жатыр ма деп ойлап қалатынмын. Бірақ бұл уақытша нәрсе екен, жақсы нәрсеге тез үйреніп кетеді екенсің», — деді Тоқаев сұхбат барысында.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың наурыз айында мемлекет басшысы қызметінен кетті. Артынша 9 шілдеде өткен сайлау барысында 70,96% дауыспен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. 

stan.kz