ка

Коронавирус пен пневмониядан 3 күнде бірден 35 адам қайтыс болды

25.03.2021 09:56
0
0
Қазақстанда тәулігіне коронавирустық пневмония мен коронавирустың салдарынан бірден 13 адам қайтыс болды. 11 науқас коронавирустың, ал екеуі пневмониядан қайтыс болды деп хабарланды. Бір күн бұрын 10 кісі, ал 23 наурызда - 12 адам қайтыс болды. Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың 1105 жаңа жағдайы белгілі болды. Науқастардың көпшілігі Алматыда (+ 341), Нұр-Сұлтанда (+195) және Алматы облысында (+104) анықталды. Жалпы республикада COVID-19-тің 236 200 жағдайы және пневмонияның 50 152 жағдайы расталды.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий