Конор Макгрегорға ұқсайтын алматылық желіде танымал болды
Автотұрақта істейтін Бахрам Сапарбайдың өмірі бір күнде болмаса да, аз ғана уақыттың ішінде өзгеріп сала берген. Түр-тұлғасы ережесіз жекпе-жектен әлемге танымал болған ираландиялық Конор Макгрегорға ұқсайтынын азамат, соңғы жылдары өзіне жұрттың ықыласы ерекше ауғанын айтады. Көргендердің көбі селфи жасайды екен. Басында бұған аса мән бермеген ол, бертін келе өзіне қазақстандық Конор Макгрегор болған ұнай бастағанын жасырмады.
Бұл туралы KzNews.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
БАХРАМ САПАРБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Өткен жылы ноябрь, декабрь айынан бастағанбыз негізінде. Кішкене келеді ме, келмейді ме деп көргенбіз өзіміз былай. Енді бір аяғына қарай кішкене ұқсап шықты. 01:03 Өзі ел, халық екен ғой барлығын не қылатын. Жаңағы көтеретін де, түсіретін де дейді ғой».
Халықтың көңілінен шығу үшін, киіну стилінде де өзгертіп, бірте-бірте әйгілі спортшының қимыл-қозғалысын да сала бастапты. Тіл шығару, аяғымен жерді тарпу сынды әрекеттер, Макгрегор образының шынайы ашылуына мүмкіндік береді дейді.