Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубай көшелерінде көліктің ішінде отырып ән шырқаған сәті түсірілген видео кеңінен тарады. Желіде жарияланған кадрлар көптің назарын бірден аудартты, деп жазды Sn.kz.
Видеоны Әдемі Тұрсынбекқызының өзі жүктегені айтылады. Кадрдан оның Бурдж-Халифа маңында көлікпен өтіп бара жатқанын байқауға болады. Жолда аялдаған тұста түсірілген бейнежазбада ол “16 қыз” әнін орындаған.
Сондай-ақ видео сипаттамасына: “16 қыз - Айым Аманғали”, – деп жазып қалдырған.
Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір қалдырған. Бірі алаңдаушылық білдірсе, енді бірі таңданысын жасырмаған: «Әкесі мен анасының өнері дарыған», «Дауысың қандай керемет!», «Дубайда тыныш па екен?», "Аман бол, сұлу қыз!", «Ақылды екені көрініп тұр», "Сана биігіндегі қыз" деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, соңғы күндері Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, халықаралық БАҚ Иранның жауап соққылары аясында Парсы шығанағындағы бірқатар елдерде, соның ішінде БАӘ аумағында да жарылыстар тіркелгенін, кей жерлерге зымыран мен дрон қалдықтары құлағанын хабарлады. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары күшейіп, Дубай бағытындағы әуе қатынасына уақытша шектеулер енгізілгені туралы ақпараттар шықты.