"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылды

Шымкентте үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Шымкенттегі «Студенттік қалашық» шағынауданында бір тұрғын үйдің үш пәтерінен төрт адам өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жаппай газдан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаға қатысты көршілердің айтуынша, пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың мәйіті табылған. Екінші қабаттағы өзге пәтерден 23 жастағы жігіттің өлі денесі анықталған. Ал үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде 20 жастағы студент қыз көз жұмған.

Тұрғындардың сөзінше, бұған дейін газдың иісіне шағымданғандар болған. Дегенмен әзірге газ қызметі ресми түсініктеме берген жоқ. Полиция адам өліміне әкелген қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Алдымен қызды шамамен сағат 12-лерде тапқан. Пәтер иесі келіп, жуынатын бөлменің есігі жабық тұрғанын көрген. Ашса, пәтерді жалдаған қыз шомылып жатып, сол жерде қайтыс болған. Осыдан кейін ол учаскелік полиция қызметкерін шақырған. Барлық адамды сыртқа шығара бастады. Құтқарушылар келіп, басқа пәтерлердің есіктерін бұзып ашып, тағы да мәйіттерді тапты", – деді Ислам Файзуллаев.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер