"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иранда жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі кейінге қалдырылды

Иранда жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі кейінге қалдырылды
Фото: Иранның жоғарғы басшысының баспасөзі

Иран билігі марқұм жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді жерлеу рәсімін кейінге қалдырды. Мұндай шешім ел аумағына жасалып жатқан америкалық және израильдік соққылардың жалғасуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды kznews.kz.

Қоштасу рәсімі Тегеран қаласында өтуі тиіс болған. Хаменеи әуе шабуылы кезінде қаза тапқаны айтылып отыр. Ол 1989 жылдан бері, Рухолла Хомейниден кейін Иранның жоғарғы көшбасшысы қызметін атқарған.

Ел Конституциясына сәйкес, жаңа жоғарғы көшбасшыны Сарапшылар кеңесі сайлайды. Үміткерлер қарастырылып жатқаны айтылғанымен, нақты шешім әлі жарияланған жоқ.

Ал Израиль қорғаныс армиясы Иран аумағындағы нысандарға соққылар жалғасып жатқанын мәлімдеді. Өз кезегінде Иран Израильге және аймақтағы АҚШ әскери базаларына зымырандар мен дрондар жіберген.

Аймақтағы жағдай әлі де шиеленіскен күйінде қалып отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.