Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Үйдің жанына түсті”: Жазира Байырбекова Дубайға бомба түскен видеоны жариялады

“Үйдің жанына түсті”: Жазира Байырбекова Дубайға бомба түскен видеоны жариялады
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық эстрада әншісі Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде Дубайда болған жарылыстан кейін түсірілген бейнежазбаларды жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жұбайы Жанболат Бердалымен бірге демалыс үшін Дубайға барған. Алайда өңірдегі геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты олар әзірге Қазақстанға қайта алмай отыр. Қазіргі уақытта елге бағытталған әуе рейстері уақытша тоқтатылған.

Жарияланған кадрларда ғимараттардың ар жағынан қою қара түтін көтерілгені көрінеді. Бейнежазбада әнші:

«Қараңыздаршы, ана жақтан ұшып келді, бомба біздің үйдің қасына түсті», – деп естіледі. Қызын шошытпау үшін ол жарылыстарды «мерекелік отшашу» деп түсіндірген.

Өз жазбасында Жазира Байырбекова мұндай жағдайды көзбен көріп, құлақпен естудің өте қорқынышты екенін айтып, болып жатқан оқиға өзіне қатты әсер еткенін жеткізді.

АҚШ пен Израильдің Иранмен әскери текетіресіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Сауд Арабиясы аумағында төрт мыңнан астам қазақстандық турист елге қайта алмай отыр. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қорының төрағасы Инна Рей мәлімдеді.

Ал Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арнайы үндеу жасап, қақтығыс аймағындағы отандастарды эвакуациялау жолдары қарастырылып жатқанын хабарлады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.